Қазақстандық девелопер BI Group пен Murad Buildings компаниялары Өзбекстандағы бірлескен жұмыстың келесі кезеңіне өтті
Холдинг

Қазақстандық девелопер BI Group пен Murad Buildings компаниялары Өзбекстандағы бірлескен жұмыстың келесі кезеңіне өтті. 2025 жылғы 13 қарашада өткен «Great Silk Road Business Cooperation Forum» халықаралық бизнес-форумы аясында NRG компаниясының үлесі BI Group-қа өтетіні туралы шешім қабылданды. Дегенмен, компанияның бірегейлігі сақталатын болады.
Бұл шешім BI Group-тың Өзбекстан нарығындағы ұзақмерзімді стратегиясының келесі кезеңіне айналып, серіктестердің бір-бірінің кәсіби бағытына деген құрметін растайды. NRG компаниясы NRG бренді аясында BI брендімен және BI Group-тың жергілікті командасымен жұмыс істеуді жалғастырады. Murad Buildings өз бірегей жобаларын дамытуға баса назар аударады. Мәміленің сомасы мен шарттары жарияланбайды.
Тараптар қабылдаған модель әр компанияның мықты тұстарын ескереді, сол арқылы стратегиялық көзқарас іске асырылмақ. Murad Buildings архитектурасы ерекше, дара жобаларды дамытады. Ал BI Group NRG компаниясын басқарып, кешенді қалалық орта мен инфрақұрылымға бағытталған жұмыс жүргізеді. Бұл тез шешім қабылдауға мүмкіндік береді және компаниялардың мықты тұстарын одан әрі күшейтеді.
NRG клиенттері, қызметкерлері және серіктестері үшін: бұл өзгерістер аясында барлық келісімдер орындалады және жұмыс жүйелі жалғасын табады. Қызмет көрсету стандарттары жақсарады, ал қолданыстағы және іске қосылған жобалар бойынша шарттар өзгермейді. BI Group Өзбекстан заңнамасына сай жұмыс істеу, мемлекеттік институттармен және жергілікті қауымдастықтармен тығыз диалог жүргізу, жергілікті серіктестерді қолдау және ел ішіндегі кадрлық әлеуетті дамытуды жалғастырады.
BI Group компаниясының CEO-сы және акционері Айдын Рахимбаевтың пікірі:
«Өзбекстандағы серіктестігіміз – уәдемізде тұратынымыздың көрсеткіші. NRG компаниясының BI Group-қа өтуі – бағытымыздың өзгеруі емес, басталған жұмыстың жалғасы. Біз жергілікті дәстүрлер мен кәсіби мәдениетке үлкен құрметпен қараймыз және ұзақ мерзімді табыс тек жергілікті командаларға сүйене отырып, әр аудан мен әр үйге жауапкершілікпен қарағанда ғана мүмкін екенін түсінеміз».
Murad Buildings компаниясының негізін қалаушысы және NRG компаниясының негізін қалаушылардың бірі Мурад Назаровтың пікірі:
«Бес жылдық серіктестік біз үшін құнды тәжірибе болды. Осы уақыт ішінде NRG бірқатар маңызды әрі көркем жобаларды жүзеге асырды. BI Group басқаруымен NRG бұрынғыдай жылдам әрі сапалы құрылыс жүргізуді жалғастыратынына сенімім мол. Біз Murad Buildings компаниясының дамуына, жобалардың бірегейлігіне, заманауи технологиялар мен сапаға, ең бастысы – клиенттер мен серіктестерге деген сүйіспеншілікке ерекше назар аударамыз. Сенім білдірген әрбір адамға алғыс айтамын. Бұл бізді әрі қарай да қарқынды жұмыс істеуге және қаланы көркейтетін жобалар жасауға шабыттандырады».
NRG – BI компаниясы тұрақты құрылыс қағидаттарын, ашық баға құру тәсілдерін және клиентке бағдарланған сервисті ескере отырып Өзбекстандағы қызметін кеңейтеді. Компания клиенттері құрылыс барысы және жобалардың негізгі кезеңдері туралы үнемі хабардар бола алады, сондай-ақ жергілікті мамандарға арналған біліктілікті арттыру бағдарламаларын дамытады. Барлық коммуникациялар мен шешімдер елдің қала құрылысы саясатына сәйкес және тиісті мемлекеттік органдармен тұрақты қарым-қатынаста жүзеге асырылады.
BI Group туралы анықтама
BI Group – Орталық Азиядағы толық цикл бойынша жұмыс істейтін ең ірі девелопер. Компания клиент алдындағы жауапкершілік, сапа және мемлекеттік әрі қоғамдық институттармен ашық қарым-қатынас принциптерін ұстанады.
Murad Buildings туралы анықтама
Murad Buildings – Өзбекстанның жетекші девелоперлік компаниясы, негізін қалаушысы Мурад Назаров. Компания архитектуралық бірегейлігі, жоғары жобалау стандарттары және құрылыс сапасы бар авторлық тұрғын үй жобаларын дамытады. Жоғары сапа, эстетика және инновациялар үйлескен заманауи әрі шабыттандыратын орта құрады.
Анықтама үшін:
Бірлесіп салынған жобалар – NRG Oybek, NRG U-Tower, NRG Qorasuv, NRG Hayot, NRG Park, NRG Mirzo Ulugbek.


